Алакөлге құлаған дельтаплан: Комитет арнайы тергеу жүргізеді
19:30, 25 Шілде 2024
АСТАНА. KAZINFORM — Азаматтық авиация комитеті Алакөлге құлаған дельтапланға қатысты мәлімдеме жасады.
«Бүгін 25 шілде кешкі 17:15 кезінде Жетісу облысы Алакөл ауданы Ақши ауылында дельтаплан көлге апаттық жағдайда қонды. Екі адам зардап шекті. Қазіргі уақытта зардап шеккендер ауруханаға жеткізіліп жатыр» деп хабарлады комитеттен.
Ведомство сондай-ақ осы авиациялық апат бойынша тергеу жүргізілетінін хабарлады.
Еске сала кетейік, біз Алакөлге дельтаплан құлап, екі адам зардап шеккенін жазған едік.