Алакөлге лай су ағызған демалыс орнына 75 мың теңге айыппұл салынды

Фото: None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат – Алакөлге лай су ағызған демалыс орнына 75 750 теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР ӘҚБК-нің 328-337-баптарымен айыппұлдар салынды.Айыппұлдың сомасы 75 750 теңге. Екі айыппұл салынды. Қазір енді осы экологиялыққұжаттарды толық рәсімдегенше кәсіпорынның жұмысын тоқтату туралы сотқақұжаттар дайындалуда», - деді Алматы облысы бойынша экология департаментініңбаспасөз хатшысы Сейдалы Сариев.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысындағы Алакөлге құбырарқылы лай су төгіліп жатқаны бұған дейін хабарланған болатын. Әлеуметтік желіге тарағанвидео халықтың наразылығын тудырды. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстарминистрі Мағзұм Мырзағалиев бұл жағдайға кінәлілер жазаланатынын айтты.

Ал жуырда «Қазгидромет» РМК-ның Алматы облысы бойыншафилиалының мамандары Алакөлдің бес нүктесінен алынған су сынамасына жүргізілгенжоспардан тыс тексерудің нәтижесін жариялаған еді .

Сондай-ақ, көлге лас су ағызған қонақүй жабылуы мүмкінекендігін хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар