Алакөлге құбыр арқылы лай су ағызылып жатыр - туристер

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Алматы облысындағы Алакөл көліне құбыр арқылы лай су төгіліп жатыр. Қазір әлеуметтік желіге тараған видео халықтың наразалығын тудыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бейнежазбағы мәліметке сәйкес, көлге төгіліп жатқан судың жағымсыз иісі бар.

«Міне бұл Алакөлдегі Ақши ауылы. Міне қараңыздар, жағымсыз иісі бар су көлге төгіліп жатыр. Бұл канализацияның қалдығы. Иісі адам төзгісіз, жағымсыз. Міне көлді осылай ластап жатыр. Қаншама адам жүр», - дейді бейнежазбаны түсіріп жүрген автор.

Ал Алакөл ауданының әкімдігі бұл мәселеге орай арнайы комиссия құрылғанын жеткізді.

«Құрметті Алакөл ауданының тұрғындары мен қонақтары! Бейнежазбада көрсетілген су «Көктем гранд» демалыс орнының бассейнінен аққан су екенін хабарлаймыз. Көлге ешқандай зияны жоқ. Аудан әкімдігінің қызметкерлері тарапынан аталған жерге барып, тексеру жұмыстары жүргізілді. Өздеріңізге белгілі таралған бейнежазбада көрсетілген «Көктем Гранд» демалыс орнының бассейнінен көлге құйылып жатқан су мәселесі бойынша бүгін аудандық комиссия құрылды. Комиссия төрағасы аудан әкімінің орынбасары Айдын Чалкенов, құрамына аудандық денсаулық сақтау басқармасы, экология, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы және аудандық кәсіпкерлік бөлімі мамандарымен қамтылды. Бұл мәселе бойынша қосымша ақпарат беріледі», - деді Алакөл ауданы әкімінің баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар