Алан Әжібаев: Мемлекеттік арналарда жарнамаға тыйым салу қателік болады

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және коммуникация вице-министрі Алан Әжібаев мемлекеттік арналардан жарнаманы алып тастау қателік болады деп санайды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Бизнес мемлекеттік арналардан жарнаманы алып тастағысы келді. Қателік жасайын деп тұрғандарыңызды білесіздер ме? Неге? Әлемдік үрдіске сәйкес жарнама барлық жерде болуы тиіс», - деді 2016- Медиа Құрылтайда   Алан Әжібаев. Вице-министр мемлекеттік арналарда жарнаманың болу мәселесіне асығыс шешім қабылдауға шақырды. «Алып тастау қате болады. Мен 20 жыл нарықта жұмыс істедім. Нарық қызып жатуы тиіс. Нарық бәсекеге қабілетті болуы қажет, сонда бұдан барлығы ұтатын болады», - деп қосты ол.

 

Сондай-ақ ол мемлекеттік арналардағы мемлекеттік ақпараттық тапсырыс жағдайына түсінік берді. «Хабар» агенттігінде - төрт арна бар, орталық арна мен 14 өңірлік арнасы бар «Қазақстан» жайлы айтып тұрғаным жоқ. Егер «Хабар» бюджетін осы арналардың әрқайсысына бөлсе, сома азаяды, әрі бұл арналардың бюджеті алда тұрған коммерциялық арналардан төмен болады деп ойламаймын», - деді вице-министр.

Ол сондай-ақ «Хабарда» екі арна жүз пайыздық өз өнімдерін шығарады, елдегі басқа бірде-бір арнада мұндай жоқ. «Барша әлемде мемлекет мемлекеттік ақпараттық тапсырыс орналастыруға қатысады, біз де оны мемлекеттік арналарға ғана емес, коммерциялық телевизиялық арналарға, интернет-сайттарға, газеттерге орналастырамыз», - деді ол.