Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, қазақстандық спортшы қазіргі уақытта Германияда жүр.
«Бремен қаласына көшіп келдім. Жаңа командада мені бәрі жақсы қарсы алды. Команда сапына тағы төрт теннисші қосылған. Бірақ олардың шеберлік деңгейін әлі тексеріп жатыр. Мұнда алаңсыз жаттығу жасауға барлық жағдай жасалған. Біз Германия чемпионатының жаңа маусымына дайындалып, TTC Sachsenring Hohenstein-Ernstthal командасына пайдамызды тигізуге, шеберлігімізді арттыруға, шыңдай түсуге тырысамыз», - деді А. Құрманғалиев.
Еске сала кетейік, бұған дейін үстел теннисінен Олимпиадаға қатысқан Герасименкоға екі бөлмелі пәтер берілгенін жазған едік.