Ол 17 жасқа дейінгі жас санатында үшінші орынға ие болды.
Алан жарыс барысында франциялық Томас Ларошты, испандықтар Фонт Аниол мен Франческ Каррераны, чехтар Мартин Ратажский мен Мартин Вайглды жеңді. Жартылай финалда қазақстандық спортшы француз Натан Пиларға 2:3 есебімен есе жіберді.
Бұған дейін Алан Құрманғалиевтің Мажарстанда өткен турнирде екі мәрте жүлдеге қол жеткізгенін жазған едік.