Қазақстан атынан әлемдік додада Алан Құрманғалиев өнер көрсетеді. Ол жекелей сында, сондай-ақ жұптық жарыстарда бақ сынайды.
Ерлер арасындағы жұптық сында Құрманғалиев Иран өкілі Беньямин Фараджимен бірге ойнайды. Ал аралас жұпта оның командаласы Мысыр спортшысы Хана Года болмақ.
ҚР ҰОК мәліметінше, әлем чемпионатына 50 елдің өкілдері қатысады. U19 және U15 жас санаттарында барлығы 14 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Айта кетейік, Елена Рыбакина әлемдік екі рейтингіде көш бастады.