Алан Құрманғалиев үстел теннисінен Қытайдағы турнирдің қола жүлдегері атанды

АСТАНА. KAZINFORM - Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Алан Құрманғалиев Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан China Youth Smash турнирінде қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық олмпиадалық комитетінің баспасөз қызметі.

Фото: ҚР ҰОК

Алан жарыстың жартылай финалына дейін жетіп, жастар арасында екі дүркін әлем чемпионы қытайлық Вен Жуйбомен кездесті.

Бұл матч 4:0 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталды. Осылайша Құрманғалиев турнирді қола медальмен аяқтады.

Айта кетейік, 1/4 финалда қазақстандық спортшы жастар арасында әлем чемпионы Ли Хеченді 4:3 есебімен жеңген болатын.

Осыған дейін Дана Әбдірованың дзюдодан жастар арасында әлем чемпионатында күміс алғаны туралы жаздық.