Ұлттық олимпиадалық комиететтің мәліметінше, 19 жасқа дейінгі спортшылар арасында сынға түсіп жатқан Құрманғалиев 1/8 айналымда тайпейлік И Тен Ченнен 4:2 есебімен басым түсті.
Отандасымыздың келесі қарсыласы – қытайлық Жуйбо Вэн.
Айта кетейік, жастар арасындағы Азия чемпионаты Қытайдың Чунцин қаласында өтіп жатыр.
Еске салсақ, бұған дейін Қытайда өтетін үстел теннисінен Азия чемпионтында кімдер бақ сынайтынын жазған едік.