Алаңда жарақаттанған «Шахтер» футболшысына ота жасау керек

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - «Оқжетпеспен» кездесуде ауыр жараланған «Шахтер» ФК жартылай қорғаушысы Евгений Кострубке ота жасау керек. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметінен хабарлады.

«Қазақстан Чемпионатының 32-ші турындағы «Шахтер» мен «Оқжетпес» командалары арасындағы ойынның 20-шы минутында «Шахтердың» жартылай қорғаушысы Е. Коструб жарақат алды. Оның жілік шыбығы сынып, тізесі шыққан. Қазір Евгений жергілікті облыстық ауруханада. Жақын арада ота жасалмақ», - делінген хабарламада.

33 жастағы Е. Коструб «Оқжетпес» ойыншысы Иван Цветковичтің шалт әрекеттерінен жараланды. Ойын «Оқжетпестің» пайдасына: 0:1 есебімен аяқталды.