Алаңдауға негіз жоқ – қалалық ТЖД Алматыдағы сел қаупі жөнінде

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚаАқпарат – Алматының қалалық ТЖД Қарғалы өзеніне қатысты толық ақпарат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазәуеқұтқару», «АлматыҚұтқару» қызметінің борттары мен Ұлттық ұланның жеке құрамы дайын тұр. ТЖД-ның барлыққызметтері шұғыл жағдайға әзірленді», - деді қалалық ТЖД өкілдері.

Құтқарушылардың мәліметінше, Қарғалы өзенінің басындағы көлдің суын жіберу жұмыстары6 маусымда басталған. Бұған 6 сорғыш, сифон желісі іске қосылған. Сондай-ақ, экскаваторментранзиттік су жүргізу үшін басқа арна қазылған.

Қалалық ТЖД-ның мәлімдеуінше,көлден 1,6 млн текше метр су жіберілген. Бастапқыда су көлемі 77 мың текше метрболған.

Алдын ала су басуыықтимал 8 учаске белгіленді. Шұғыләрекет етуге 59 техника, 216 адам жұмылдырылды.

«Қазіргі таңдаҚарғалы өзеніндегі судың шұғыл азаюы байқалмайды. Өзен деңгейі секундына 20 текше метр су жіберуге дейін тұрақталды. Дәл қазір 3,6 текше метр су жіберіпжатыр. Жағдай тұрақты, бақылауда. Алаңдауға еш негіз жоқ», - деді ТЖД өкілдері.

Айта кету керек,бүгін таңға жақын Алматының Наурызбай ауданында аз мөлшерде сел жүрген болатын.ТЖД өкілдері халықты құлақтандырып үлгерді.

Қала әкімі БақытжанСағынтаев оқиға орнына шұғыл аттанған болатын.


Соңғы жаңалықтар