«Алания» Еуропа Лигасы ойынынан шығып қалды

АСТАНА. 29 тамыз. ҚазАқпарат - Владикавказдық «Алания» түркиялық «Бешикташты» 2:0 есебімен жеңгеніне қарамастан, Еуропа Лигасы плейофф қарымта қайтару ойынында бірінші кездесуде ірі жеңіліске ұшырағандықтан,

турнирді тастап кетуге мәжбүр болды, деп жазды УЕФА-ның ресми сайты.

Владикавказдағы кездесуді нөсер жауынға байланысты бір жарым сағатқа кешігіп бастауға тура келді.

Есеп кездесудің 81-ші минутында ашылды. «Аланияның» жартылай қорғаушысы Георгий Габулов бұл жолы басқалардан ерекшелене білді. Ойынның 88-шы минутында владикавказдықтардың артықшылықтарын Данило Неко үстемелей түсті. Команда соңғы минуттарын «Бешикташ» қақпасының маңында өткізді. Алайда үшінші голды ресейліктер командасы қарсыластар қақпасына дарыта алмады.