Толассыз жауған нөсер салдарынан пайда болған алапат көшкіндерге байланысты жарыс ұйымдастырушылары Аргентинаның Сальта және Чилесито қалаларында өтеді деп жоспарланған, 406 шақырымға созылатын арнайы аумағы бар тоғызыншы кезеңді тоқтату туралы шешім қабылдады.
Бұған дейін ралли-рейдтің Боливиядағы алтыншы кезеңі де ауа райынвң қолайсыздығынан тоқтатылған еді.
Парагвай, Боливия және Агрентинада өтіп жатқан "Дакар"-2017 қаңтардың 14-інде Буэнос-Айресте аяқталады.