Алапат күш иесі ЯК-40 ұшағын сүйреп, қайратын танытты
00:55, 20 Тамыз 2014
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей спортшысы Денис Нагибин Вологда әуежайында ұшақты орнынан қозғады, деп жазады Росбалт.
Ол салмағы 17 тонна болатын ЯК-40 ұшағын орнынан қозғап, 16 метрге дейін сүйрей алды.
Бұған дейін атлет тепловозды, жүк мәшинесін орнынан қозғаған болатын.