Аласа бойлы адамдарға жүк көлігі мен трамвай жүргізуге тыйым салынады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бойы 1,5 метрге жетпейтін адамдарға бірқатар көлікті жүргізуге тыйым салынуы мүмкін. Мұндай шектеу РФ денсаулық сақтау министрлігінің қаулысында көрсетілген, деп жазды "Известия" газеті.

Бұл шара жол апатының санын азайту үшін қолға алынып отыр.

Еске сала кетейік биылғы сәуір айынан бастап, Ресейде жаңа үлгідегі жүргізуші куәліктері беріле бастаған. Онда көлік жүргізудің жаңа санаттары енгізілген. Енді сол бірқатар санат бойынша, аласа бойылы адамдар жүк көліктерін, тіркемесі бар көлік пен трамвайды жүргізе алмауы мүмкін.