Бұл туралы aikyn.kz жазады.
Бірі қазақ оқырманына арналып - «Әлихан Бөкейхан: Қазаққа қызмет қылмай қоймаймын...», екіншісі - орыс тілді аудиторияға «Алихан Букейхан. Собиратель казахских земель» деген атаулармен ұсынылмақшы.
Бұл еңбекте Алты Алаш көсемінің ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басындағы шым-шытырық тарихи оқиғаларға толы өмір жолы тек қана тарихи айғақ-деректерге, сол кезеңдегі «Наша жизнь», «Речь», «Сын отечества», «В мире мусульманства», «Мусульманская газета», «Сибирские вопросы» (С.-Петербор), «Сибирский вестник» (Томcк), «Степной край», «Киргизская степная газета - Дала уәлаятының газеті», «Иртыш», «Омич», «Голос степи» (Омбы), «Семипалатинский листок», «Сарыарқа», «Абай» (Семей), «Қазақ» (Орынбор), «Темірқазық» (Мәскеу) сынды мерзімді басылымдардың, «Новый энциклопедический словарь» (С.-Петербор) сынды энциклопедиялық басылымдардың мәліметтеріне, КСРО және ҚазКСР КГБ-сы, РФ ФҚҚ, ҚР ҰҚК-нің мұрағаттары құжаттарына, өзінің, туған-туысқандарының, «Алаш» қозғалысындағы үзеңгілестерінің, саяси, ғылыми әріптестерінің естеліктері мен жазбаларына сүйене отырып сипатталады.
Екі кітап та Әлихан Бөкейхан өмірінің әрбір кезеңін сипаттайтын, ұлт көсемінің басынан өткен қайсыбір тарихи оқиғаның куәсі болған тарихи құжаттармен, архив материалдарымен, фотосуреттермен басылып шығады.