Фотоальбом Алаш қозғалысының қалыптасу, саяси сахнаға шығу, Алаш автономиясын құру, Кеңес дәуіріндегі қуғын-сүргін кезеңдерінің суреттерін қамтиды. Онда Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, Х.Досмұхамедов,М.Тынышпаев, М.Шоқай және өзге де ел қайраткерлерінің жастық шақтарында түскен фотоларынан, НКВД абақтысында түсірілген соңғы суреттеріне дейін жинақталған.
Мұндағы фотоматериалдар тақырыптық-хронологиялық тұрғыда «Атқан таң», «Оян, қазақ!», «Алаш автономиясы», «Советтік тағдырлар», «Абақты жолы», «Тағзым» атты тарауларға бөлінген. Осылайша, автор Алаш қозғалысының жүріп өткен жолын сурет тілімен баяндап, ұлт зиялыларының өміріне кезең-кезеңімен шолу жасауға тырысқан.
Жинақты «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қаржылық қолдауымен «Ел-Шежіре» қайырымдылық қоры Алашорда үкіметі мен Алаш автономиясының 100 жылдығына орай шығарған.
17:33, 18 Мамыр 2017
Алаш қозғалысының фотошежіресі жарық көрді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алашорда үкіметі мен Алаш автономиясының 100 жылдығына орай, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Болат Мүрсәлімнің «Алашорда» фотоальбомының тұсауы кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.