Alash Pride лигасының тарихындағы алғашқы әйел чемпион референдумда дауыс берді

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Бүгін Alash Pride лигасының тарихындағы алғашқы әйел чемпион атанған Замзагүл Файзолланова референдумда дауыс берді.

Фото: ШҚО Ақпарат орталығы

Заманауи спортта әйелдердің үлкен жетістіктерге жетіп, ұлттық дәстүрлерін сақтауы сирек кездесетін құбылыс. Зайсан ауданының тумасы Замзагүл Файзолланова – сондай қайсар тұлғалардың бірі.

Атом электр станциясын (АЭС) салу бойынша мәселеге қатысты да спорт шебері өз азаматтық белсенділігін көрсетіп, сайлаудан тыс қалмай, Жаңатұрмыс ауылындағы учаскеде өз дауысын берді.

Дзюдо мен қазақ күресі бойынша спорт шебері атанған бұл талантты спортшы, Alash Pride 100 мерейтойлық жүзінші турнирінде жеңіске жетіп, көпшілік үшін күш-жігердің, табандылықтың символына айналған.