Ғалым Сұлтанхан Жүсіп ғылым саласындағы жаһандық сыйлығын алды

АСТАНА. KAZINFORM – Түркияның Алания қаласында алаштанушы ғалым Сұлтанхан Жүсіп ғылым саласындағы «Küresel Bilim Ödülü» ғаламдық сыйлығымен марапатталды.

Фото: Сұлтанхан Жүсіптің жеке мұрағатынан

2026 жылдың 9 қарашасында Аланияда Дүниежүзілік журналистер кеңесінің (Küresel Gazeteciler Konseyi - KGK) VI мәжілісі аясында Ғаламдық жетістік сыйлығымен марапаттау рәсімі өтті. Ғылым саласындағы Ғаламдық Global Elm Award сыйлығы қазақ ғалымы Сұлтанхан Жүсіпке тапсырылды. Бұл сыйлық Алаш тарихын қалпына келтірудегі еңбегі үшін берілді.

Фото: Сұлтанхан Жүсіптің жеке мұрағатынан

Атап айтқанда, Сұлтанхан Аққұлұлы Ресей, Беларусь, Чехия және Қазақстанның мұрағат, кітапхана, мұражайларын ондаған жыл зерттеп, Алаштың баға жетпес бай мұрасын жинап, халқына қайта ұсынды. Бұл ауқымды еңбек әлемдік бағасын алды.

Аланияға 32 елден жиналған 350 журналистің алдында қазақ ғалымының есімі президенттер, дипломаттар, қоғам қайраткерлері есімдерімен қатар аталды.

Фото: Сұлтанхан Жүсіптің жеке мұрағатынан

Айта кетейік, Жаһандық жетістік сыйлығын (Küresel Başari Ödülleri) Бүкіләлемдік журналистер кеңесі Ысмайыл Ғаспыралы атындағы Академияның Қорымен бірлесіп тағайындады.

Бұған дейін Димаш Құдайберген мен Самал Еслямова ТҮРКСОЙ марапаттарына ие болғанын жазған едік.