Бұлтуралы бүгін Алматыда өтіп жатқан І халықаралық Алматы инвестициялық форумында айтылды.
4 жыл бұрын «Ақпараттық технолологиялар паркі еркін экономикалық аймағын құрғанда 150 гектар жерге инвестиция мен кәсіпорындарды қалай тартамыз деп ойлаған едік. Қазір мұнда тіпті бір шаршы шақырымдық жер жоқ. Өйткені инвесторлар жағдай жасайтынымызға сенді. Енді алдымызда ақпараттық технологиялар паркін кеңейту мәселесі тұр. Әлемге әйгілі кәсіпорындар қазір осында қазақстандық компаниялармен бірлесіп өз қызметтерін атқаруда. Мұнда барлық әлемдік ақпараттық компаниялардың өкілдіктері бар. Ал жаңа өнімдер тек Қазақстанға ғана емес, шет елдерге де шығарылады», - деді ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов. Үкімет басшысының айтуынша, қуатты шығармашылық әлеуеті бар Алматы үшін Ақпараттық технологиялар паркінің маңызы зор. Онда инновациялық технологиялардың трансферті жүзеге асуда.