деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қала басшысының айтуынша, жыл басынан бері Ұлжан шағын ауданында 1200 орындық мектеп, Шаңырақ -1 шағын ауданында 120 орын балабақша ашылған.
«Биыл Әйгерім шағын ауданында 1200 орындық мектеп, Ұлжан шағын ауданында 340 орындық, Шаңырақ- 2 елдімекенінде 280 орындық балабақша, Шаңырақ-2 шағын ауданында бір мезгілде 200 адамды қабылдай алатын көпсалалы емхана пайдалануға беріледі. Биыл аудандағы әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге 5 миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп отыр», деді Ахметжан Есімов.
Оның айтуынша, аудандағы заңсыз басып алынған жер телімдері мен үйлерді заңдастырған соң аудан халқы 25 мың адамға ұлғаймақ.