Алатау ауданының тұрғындары Алматы әкіміне 400-ден астам сұрақтар қойды

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – 9 тамыз күні Алматының әкімі Бақытжан Сағынтаев Алатау ауданының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында қалаәкімі мегаполисті дамытудың негізгі бағыттары, абаттандыру, әлеуметтік жәнежол-көлік инфрақұрылымын жетілдіру, медициналық қызметтің қолжетімділігі,құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жұмыс орындарын құрутуралы айтқан.

Б. Сағынтаев қаланың барлық аудандарында сапалы медициналық қызметтіңқолжетімділігіне ерекше назар аударды. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін медицицналықмекеме жоқ ықшам аудандарда медициналық пункттер мен амбулаториялар ашылады әрімұнда орталық емханалардың дәрігерлері қабылдаулар жүргізеді.

«Бұдан өзге,бірінші тамыздан бастап тоқсан сайын жылжымалы медициналық пункттер халықпенжұмыс істеп жатыр»,-деді шаһар басшысы.

Сондай-ақ ол жиындаеңбекпен қамту мәселесіне ерекше назар аударды. Қызмет көрсету мен сервистіэкономика саласында шыған және орта бизнесті қолдау арқылы сапалы жұмысорындарын құрудың кешенді шаралары әзірленгенін айтты. Аудандарда «Бақыттыотбасы» көпбалалы аналарды қолдау орталықтары ашылып, әйелдер кәсіпкерлігіндамыту үшін «Іскер ана» бағдарламасы іске асырылуда.

Еңбек нарығында жастардың қажетті мамандық алуларына көмектесу мақсатында қалаколледждерінің мобильді (көшпелі) қабылдау комиссиялары жұмыс істеп жатыр. «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуға және жаппайкәсіпкерлікті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында тегін оқытуқолға алынған.

Б. Сағынтаев қауіпсіздік мәселесі бойынша полицияның жаяу және автомобиль нарядтарыныңбұдан былай аулалар мен қараңғы учаскелерді бақылауға алатыны туралы айтты.Барынша криминалды аумақтарда полицияның мобильді пункттері жұмыс істейді.

«Кездесугекелгендердің барлығы әкімге сұрақтарын тікелей қойды. Үш сағатқа созылған кездесубарысында тұрғындар ауызша және жазбаша түрде 400-ден астам сауалдар жолдады.Алматы әкімдігінің көшпелі хатшылығы сұрақтардың барлығын тіркеді, оларсараптамадан өтеді және тиісті шешімдер қабылданады»,-делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар