«Жыл сайын Алатау шафранын суретке түсіремін және әрдайым әртүрлі шығады. Бұл жолы қар мен мұз арасынан гүлдеген бәйшешектерді түсірдім. Нәзік гүлдің жылу мен күнге қалай жол табатыны таңқаларлық», — деп бөлісті Дмитрий Доценко Instagram парақшасында.
Алатаулық шафран (Crocus alatavicus) гүлі «Қызыл кітапқа» енгізілген, сондықтан оны жұлуға немесе таптауға болмайды.
Қазақстанда крокус Ақсу-Жабағылы және Алматы қорықтарында, Берікқара және Қарақоңыз ботаникалық қорықтарында, Іле-Алатау және Алтын-Эмл ұлттық табиғи парктерінде қорғауға алынған.