АСТАНА. KAZINFORM — Аталған қаржыға 50-ден астам жоба жүзеге асырылады. Бұл жөнінде Алатау әкімі Аркен Өтенов Мемлекет басшысының Alatau City жобасына қатысты тапсырмаларын іске асыру жөніндегі баспасөз конференциясында мәлімдеді.
— Қазір бізде жалпы құны 2 триллион теңгеге жуық 50-ден астам инвестициялық жоба бар. Бүгінде олардың жүзеге асырылуы әртүрлі сатыда. Сонымен бірге, мемлекет бірінші кезекте инфрақұрылымды дамытуға көңіл бөледі. Ол үшін өзіміздің құны 300 млрд теңгелік жол картасы қабылданған. Соған сәйкес, инфрақұрылымды өркендету жұмыстары жүріп жатыр, — деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Алатау қаласына арнаулы құқықтық мәртебе берілгенін жазғанбыз.
Алпамыс Файзолла
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің түлегі. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де қазақ тілі мен әдебиеті бойынша магистратураны бітірген. Сондай-ақ, Ұлыбританиядағы Абердин университетінде магистратурада оқыған. Республикалық телеарналарда қызмет атқарған. 2026 жылдан бастап «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің тілшісі.