Ведомство атап өткендей, қазір өртті сөндіру, жерді қалпына келтіру және топырақпен толтыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
— Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталады, — делінген хабарламада.
Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаменті, Жедел авариялық қызмет және полиция қызметкерлері қатысып жатыр.
Бұдан бұрын Қостанайда өрт шыққан пәтерден анасы мен екі баласы құтқарылғанын жазған едік.