Бұл додаға «Хабар» агенттігі, «24.kz», «Қазақстан» ұлттық арнасы, «Керекинфо» порталы, «Астана ақшамы» газеті, «Қазақ радиосы», «Қазмедиа» орталығы, «Қазконтент» АҚ секілді 8 команда қатысуда.
Турнирдің бірінші кездесуіне «Қазақстан» ұлттық арнасы мен «Қазақ радиосы» командалары шықты. Тартысты ойын көрсеткен «Қазақ радиосы» 1:3 есебімен келесі кезеңге өтті.
Одан кейін алаңға «Астана ақшамы» газеті мен «Керекинфо» порталының құрама командалары шықты. Бұл ойында 4:1 есебімен «Астана ақшамы» басымдық танытты.
Теңбіл доп додасында, үшінші болып кездескен «Қазконтент» АҚ жігіттерімен «24.kz» ойыншылары тартысты ойын көрсетіп 0:3 есебімен «24.kz» командасы жеңіске жетті.
Соңғы кездесуде «Қазмедиа» мен «Хабар» шеберлері бақ сынасты. Ойын 1:1 есебімен тең түсіп, пенальти белгіленді. Нәтижесінде, «Хабар» ойыншылары мергендік танытты. Есеп 3:2.
Жартылай финалға жолдама алған "Қазақ " радиосы мен "Астана ақшамының" азаматтары алдымен сайысқа түсті. Тең түскен қос команда пенальти тебісіп, "Астана ақшамы" 3:2 есебімен алға шықты. Жартылай финалда екінші болып кездесу өткізген "Хабар" мен "24.kz" командалары арасында өткен тартысты ойын "Хабар" журналистерінің пайдасына шешілді. Есеп 4:0.
Енді үшінші орынға талас "24.kz" пен "Қазақ радиосы" арасында ұйымдастырылды. «Қазақ радиосының» құрама командасын 0-1 есебімен жеңген «24.kz» жігіттері үшінші орынды меншіктеді. Ал енді қазіргі кезде «Хабар» мен «Астана ақшамы» командалары 1-ші мен 2-ші орын үшін таласқа түсіп жатыр, деп хабарлайды Baq.kz.