«Алау» мұз айдыны сарайының өткен жылғы басты жетістігі - ел басшылығының тапсырмасындағы дамудың үш стратегиялық бағытын түгел орындауы болды. Бірінші кезекте, кәсіби коньки тебу спортын дамыту үшін база құруды, балалар спортын дамыту және көпшілікке қолжетімді болу жобасын жүзеге асырды.
Кәсіби спорт саласында коньки тебу спортынан ұлттық құраманың жетістіктерін атап өткен жөн. Нақтырақ айтқанда, Денис Кузин Әлем чемпионы атанды. «Алау» мұз айдыны сарайы ашылғаннан бері коньки тебу спортынан 15 ірі халықаралық турнир өткізілді. Соның ішінде, Азия ойындары, Әлем кубогының үш кезеңі, Азия чемпионаты.
Бүгінде «Алау» - республикамыздағы адам ең көп келетін нысандардың бірі. 2014 жылдың өзінде «Бұқаралық сырғанау» жобасына 150 000 астам адам қатысты, бұдан мұз айдын сарайының қолжетімділігін байқауға болады.
28 ақпанда «Алау» мұзайдыны сарайында Қазақстан тарихында тұңғыш рет коньки тебу спортынан Әлем чемпионаты өтеді.