«Алау» мұз айдыны - ТМД-дағы үздік инфрақұрылым, «Медеу» айдыны - үздік ашық мұз айдыны деп танылды

АСТАНА. 29 маусым. ҚазАқпарат - «Алау» Мұз айдыны Ленинград облысында өткен Тау шаңғысы индустриясының конгресі мен Мұз айдыны күндерінде «Үздік инфрақұрылым» аталымына ие болды,

деп хабарлады Мұз айдынының баспасөз қызметі.

Конгрес жұмысына ТМД елдеріндегі қысқы спорт ойын түрлерінің федерациялары, шаңғы кешендері, шаңғы-биатлон стадиондары, трамплин, мұз айдын кешендері басшылары, сондай-ақ, танымал спорттық құрал-жабдықтар маркаларының өкілдері қатысқан болатын.

Басқосу барысында қысқы спорт ойындарының жетістіктерімен қатар ірі мұз айдындарын тиімді пайдалану мәселелері кеңінен талқыланды. Еліміздегі «Медеу» айдыны «Ең үздік ашық мұз айдыны» ретінде танылса, Астанадағы «Алау» мұзайдын сарайы «Үздік инфрақұрылым» аталды.