«Алау» мұз айдынында өткізілген шара қала тұрғындары мен қонақтарының конькимен сырғанау жарысында бақ сынаудан басталды.
Жүз метр аралықты бағындырудағы басты талап - жылдамдық. Сыннан сүрінбей өткендер арнайы сыйлықтармен марапатталды. Бұдан бөлек, көңілді хоккейшілер, арқан тарту мен қаппен жүгіру сынды сайыстар өтті. Ал балаларға арналған ойын аймағында кәсіби аниматорлар түрлі қойылымдар қойып, білікті хореографтар бидің қыр-сырын үйретті.
Бағдарламаның соңында мерекелік дастархан жайылып, жиналған қауымға үлкен торт ұсынылды.