Жарыстың ұйымдастырушылары - ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Штаттық ұлттық командалар және спорттық резерв Дирекциясы.
Чемпионат бағдарламасында 500 м, 1000 м, 1500 м және 3000 м қашықтықтар беріледі.
Аталған қашықтықтарда Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Қарағанды облыстарының, Астана және Алматы қалаларының конькишілері күш сынасатын болады.