Алаяқ бөтеннің бірнеше жер учаскесін сатып жіберген

None
АЛМАТЫ. Тамыздың 13-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/- Алматы облысы бойынша экономикалық қылмыспен және жемқорлықпен күрес департаменті алаяқтық жасағандығы үшін У. есімді азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 177-ші тармағының 3-ші бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол бөтеннің бірнеше жер учаскесін бес адамға сатып жіберіп, олардың ақшасын иемденіп кеткен. Келтірілген залал 132 мың АҚШ долларын құраған.