Алаяқ деген күдікке ілінген Қазақстан азаматшасы Болгариядан экстрадицияланды
13:59, 17 Қараша 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алаяқтық жасауда күдікті болған қазақстандық әйел Болгариядан экстрадицияланды, деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
«17 қараша күні таңғы 5-те Бас прокуратура және ҚР Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері халықаралық іздеуде болған Қазақстан азаматшасын экстрадициялады. Алматы қ. ІІД аса ірі көлемде бірнеше алаяқтық жасаған 42 жастағы К.-ге іздеу жариялаған», - делінген хабарламада.
2007-2010 жылдары К. алдау және сенімді асыра пайдалану жолымен өзіне сенген азаматтардан АҚШ-тан көлік әкеп беремін деп 26 миллион теңге жинаған. Қазіргі уақытта айыпталушы Астана қаласының тергеу изоляторына қамаулы.