Бұл туралы облыстық қаржы полициясы департаменті бастығының орынбасары Ілияс Рахманов хабарлады.
Облыстық мәдениет басқармасының бас маманы Ғ.Базарәлиевтің үстінен қозғалған қылмыстық істі тергеу аяқталып, ол соттың қарауына жіберілді. Аталмыш маман басқармаға 12,3 млн. теңгеге дизелді генератор мен басқа да тауарлар жеткізе отырып, бағаны көтермелеп қою арқылы мемлекеттің 4,3 млн. теңгесін бас пайдасына жаратқан.
Келесі күдікті - облыстық туризм және спорт басқармасының инспекторы А.Әйімбетов ауылдық округтерге бөлінген 1,2 млн. теңгенің спорттық жабдықтарын сатып жіберген.
Аталған деректер мемлекеттік сатып алу саласында облыста қылмыстық істердің тыйылмай отырғандығын көрсетеді.