Аталған қылмыстық іс 2016 жылдың 1 шілдесінде қозғалған. Тергеу материалдарына сүйенсек, сотталушы Д. заң саласында мәселелері бар адамдарды алдап келген.
Ол азаматтық және қылмыстық істерді ақшалай сыйақы арқылы шешіп беруге уәде берген. Алматының элиталық аудандарының бірінен кеңсе жалдап, оққағарлармен ғана жүрген ол адамдармен алдын ала жазылу арқылы тізім бойынша кездескен.
«2008-2014 жылдар аралығында ол 21 азаматтың 111 314 090 мың теңгесін алдап алып алған», делінген прокуратура хабарламасында.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары кезінде сот процесінің аяқталуы жақындағанда күдікті ізін жасырды. Енді «Кепілдік» бұлтартпау шарасын қамауға алу шарасына ауыстырған сот оған іздеу жариялады.
«Соттың осы қаулысынан кейін Медеу аудандық прокуратурасы ҚР ҚПК-нің 145-бабы 11-бөлігі бойынша 2017 жылдың қаңтар айында кепілге қойылған мемлекет меншігіне алу туралы өтінім енгізді», делінген хабарламада.
Сот прокуратураның өтінімін қанағаттандырып, кепілге қойылған құны 6 219 000 теңге тұратын «Kia Sorento» маркалы көлігін және құны 25 458 000 теңге тұратын Алматы қаласындағы 3 бөлмелі пәтерді және Алматы маңында орналасқан құны 6 960 000 теңге тұратын жеке тұрғын үйді мемлекет меншігіне өткізді.
Осылайша, мемлекет меншігі барлығы 38 637 000 теңгенің мүлкі алынды.