Бет-әлпеттерін жасырмақ болып, жасанды мұрт пен парик киіп алған 2 ер адам Ярославтың Киров ауданында орналасқан дүкенге келіп, өздерін банктің қызметкері ретінде таныстырған.
Қылмыскерлер фойедегі банкоматты ауыстыру қажет деп алдаусыратқан. Олар «Мерседестің» ішінен ағаштан, пленкадан, құм салынған қапшықтардан жасалған банкоматтың «көшірмесін» алып шыққан. Содан кейін дүкендегі банкоматты көлікке салып, кетпек болған кезде полицейлерге ұсталды.