ОРАЛ. KAZINFORM - WhatsApp қосымшасында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің атынан жалған хабарлама таралуда. Алаяқтар өңір басшысына тиесілі емес нөмірді көрсеткен.
БҚО әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, қазіргі кезде белгісіз біреулер WhatsApp мессенджерінде облыс әкімінің атынан тұрғындарға хабарлама таратуда.
«Аталған хабарламалардың жалған екендігін мәлімдейміз. Облыс әкіміне тиесілі ондай нөмір жоқ. Аталған хабарламаларға сенбеу және күдікті сілтемелерге өтпеу керектігін еске саламыз», деп хабарлады ведомстводан.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).