Алаяқтар енді Ұлттық қордың атынан фейк таратып жатыр

Фото: Фото: әлеуметітк желіден

АСТАНА. KAZINFORM - Әлеуметтік желілерде өтемақы туралы ақпарат тағы тарады. Енді алаяқтар Ұлттық қордың атынан әрекет етіп жатыр. Бұл жарияланым – фейк, оған сенудің қажеті жоқ, деп ескертеді Stopfake.kz.

Жарнамадағы сілтеме Ұлттық қордың жалған сайтына апарады. Онда 2020-2029 жылдарға арналған азаматтарға өтемақы төлеу жобасы туралы жаңалық жарияланған.

Олар салық аударымдарына, жұмыс өтіліне, өткен жылдағы сатып алу қабілетіне және шығындарға негізделген.

Өтемақы мөлшерін тексеру үшін пайдаланушы өзінің ЖСН-ін теруге тиіс.

Жалған сайттарда жеке ақпаратты қалдырмаған жөн. Алаяқтар оны өз пайдасына пайдаланады.

ҚР Ұлттық қорының ресми сайты жоқ.

Фото: әлеуметтік желіден

Төлемдер бойынша барлық ақпарат Үкімет пен Ұлттық банктің порталдарында жарияланады.

Ресми ақпарат көздерінде 2020-2029 жылдарға арналған азаматтарға өтемақы төлеу жобасы жайында хабарланған жоқ.

Соңғы кездері мемлекеттік органдардың атынан осындай хабарландырулар танымал әлеуметтік желілерде жиі жарияланып жатыр. 

Олардың жалған екенін Stopfake.kz ескерткен болатын.