«Мессенджерлерде алаяқтар өздерін облыс әкімімін деп таныстырып жатыр. Тұрғындардан мұндай хабарламаларға сенбеуді және күмәнді сілтемелерді баспауды сұраймыз. Аталған факті Қонаев қалалық полиция басқармасында тіркелді. Қазір тергеудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында процессуалдық тексеру жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін Премьер-Министр мен Үкімет мүшелері атынан жалған ақпарат тарап жатқаны туралы жазған едік.