Алаяқтар қазақстандықтарға БҚО әкімінің атынан жалған хабар таратты

Фото: Kazinform

ОРАЛ. KAZINFORM – WhatsApp қосымшасында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің атынан жалған хабарлама таралып жатыр.

БҚО әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, алаяқтар өңір басшысына тиесілі емес нөмірді көрсеткен. 

Фото: БҚО әкімдігі

— Қазіргі кезде WhatsApp мессенджерінде белгісіз адамдар БҚО әкімі Нариман Төреғалиевтің атынан тұрғындарға хабарлама таратуда. Мұның жалған екендігін мәлімдейміз. Таратылып жатқан хабарламаларға сенбеуді және күмәнді сілтемелерге өтпеуді өтінеміз, — деп хабарлады ведомстводан. 

БҚО әкіміне қатысты алаяқтардың жалған хабарлама таратуы осымен екінші рет болып отыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын алаяқтар БҚО әкімінің атынан жалған хабар таратқанын жазған болатынбыз.