Алаяқтар қазақстандықтарға БҚО әкімінің атынан жалған хабар таратты
ОРАЛ. KAZINFORM – WhatsApp қосымшасында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің атынан жалған хабарлама таралып жатыр.
Фото: Kazinform
БҚО әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, алаяқтар өңір басшысына тиесілі емес нөмірді көрсеткен.
Фото: БҚО әкімдігі
— Қазіргі кезде WhatsApp мессенджерінде белгісіз адамдар БҚО әкімі Нариман Төреғалиевтің атынан тұрғындарға хабарлама таратуда. Мұның жалған екендігін мәлімдейміз. Таратылып жатқан хабарламаларға сенбеуді және күмәнді сілтемелерге өтпеуді өтінеміз, — деп хабарлады ведомстводан.
БҚО әкіміне қатысты алаяқтардың жалған хабарлама таратуы осымен екінші рет болып отыр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын алаяқтар БҚО әкімінің атынан жалған хабар таратқанын жазған болатынбыз.
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).