«Kolesа.kz» сайтында «Хундай» маркалы автомашинаның қозғалтқышын сатамын деген алаяқ В. есімді азаматшаны алдап, 270 мың теңгені С. есімді азаматтың «Қазкоммерцбанк» АҚ-тан ашқан карточкасына аудартқызған. Бірақ ҚР Ішкі істер министрлігінің мәлімттеріне сәйкес, аталған тұлға қайтыс болғандар тізімінде тұр. Картадағы ақша «Қазкомның» Қостанай қаласындағы банкоматтарынан алынған. Картаға бұдан тыс республиканың түрлі өңірлерінен 2 459 500 теңге мөлшерінде ақша түскен. Күдіктілер Қостанайда ұсталды, біреу арқылы картадан ақша шығарудың жеті фактісі анықталды», - дейді Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.
Ведомство өкілдері ақпараттық технологиялар арқылы жасалған алаяқтық қылмыстарын ашу және тергеп-тексеру барысында туындаған мәселелерді шешу үшін қосымша ұйымдастыру-практикалық шаралар қолданылатынын айтты.
«Жамбыл облысы ІІД қылмыстық полиция басқармасы ақпараттық технологиялар арқылы жасалған алаяқтық қылмыстарын ашу және тергеп-тексеру барысында туындаған мәселелерді шешу үшін қосымша ұйымдастыру-практикалық шараларды қолданады. Интернет және компьютер технологияларын пайдалану арқылы жасалған алаяқтықтарға үнемі талдау жүргізіледі», - дейді баспасөз қызметінің өкілдері.
19:26, 29 Наурыз 2018
Алаяқтар «Kolesа.kz» сайтына жалған хабарландырулар орналастырған
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында криминалистер интернет арқылы алаяқтық жасағандарды анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.