Алаяқтар мемлекеттің дағдарысқа қарсы бағдарламасы аясында бөлінген қаржыға ауыз сала бастады

АСТАНА. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Жолдыбаев/ - 4 жалған кәсіпорын құрып, «Даму» шағын кәсіпкерлікті қолдау қорынан 300 млн. теңге несие жымқырған Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты құрықталды.

Бұл туралы бүгін журналистермен болған баспасөз мәслихатында Экономикалық қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның айтуынша, бұл ? мемлекеттік бағдарлама аясында кәсіпкерлікті қолдауға бөлінген қаржы төңірегінде жасалған қылмыстардың бірі ғана. «Әдетте, жалған кәсіпкерлікті құрудың мақсаты ? заңсыз несие алу болып табылады. Мәселен, Қарағанды облысында алаяқтық жолмен мемлекеттік бағдарлама аясында бөлінген қаржыны талан-таражға салған азамат ұсталды. Ол жалған кәсіпорынды тіркетіп, мемлекеттік бағдарлама арқылы ауыл шаруашылық техникасын сатып алуға бөлінген 100 млн. теңге несиені жеке мақсаттарына пайдаланған»,-деді М.Жұманбай.Қаржы полициясының қызметкерлері жыл басынан бері жалған кәсіпкерлікті құру фактісі бойынша 52 қылмыстық іс қозғаған. 23 іс сот қарауына жіберілді. Дәлелденген істер бойынша келтірілген залал 10 млрд. 100 млн. теңгені құрап отыр. Бұл өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 13 есеге көп.