Алматы ІІД Медеу және Бостандық аудандарының аумағында болған алаяқтық деректері бойынша бірқатар қылмыстық істер тексеріп жатыр.
«Алаяқтар азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттарды қолдан жасап, заңсыз жолмен несиеге ұялы телефон алған. Содан кейін телефондарды үшінші біреулерге сатқан. Осыған байланысты, оларды таныған немесе олардың қай жерде екендігі туралы ақпаратқа ие тұрғындардан, сондай-ақ олардың қылмыстық әрекеттерінен жәбірленгендерден 8-702-488-25-43, 8-705-111-11-93, 254-49-82 немесе 102 нөмірлеріне хабарласуын сұраймыз», - дейді Алматы қалалық ІІД тергеу басқармасы бастығының орынбасары Олжас Шәріпов.