Алаяқтар жаңа тәсілді қолдана бастады

Фото: ІІМ

АСТАНА. KAZINFORM — Соңғы уақытта Uchet.kz және Qoldau.kz сервистерінің атын жамылған алаяқтар жалған SMS-хабарламалар таратып жатыр. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады. 

Осыған байланысты киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті азаматтарды сақ болуға шақырады.

Қаскүнемдер хабарламада «шұғыл, тез әрекет ету керек» деген сөздерді әдейі қолданып, адамдарды асықтырып, қорқытып жеке деректерін, логин мен парольдерін алуға тырысады.

Негізгі мақсат — азаматтардың есептік жазбаларына және қаржылық қаражатына қол жеткізу.

Есте сақтаңыз:

ресми сервистер мұндай мазмұндағы SMS-хабарламаларды ешқашан жолдамайды;

күмәнді хабарламаларға жауап бермеңіз, ондағы сілтемелерге өтпеңіз;

жеке деректеріңізді (ЖСН, логин, пароль, банк картасының мәліметтері) SMS арқылы жібермеңіз;

кез келген ақпаратты тек ресми сайттар мен сенімді дереккөздер арқылы тексеріңіз.

Айта кетелік Астанада TikTok арқылы «емдеген» алаяқ сотталған еді