— Ең алдымен алаяқтардың құрбаны болмау үшін egov.kz арқылы несие рәсімдеуге тыйым салып қою керек. Әсіресе ата-әжелеріңізге микрозайм не несие рәсімдемеуі үшін тыйым салып қойған жөн. Ал егер алаяққа СМС-кодыңызды айтып қойсаңыз, бұл «бәрі бітті» дегенді білдірмейді. Демек, ұялы телефоныңыз арқылы банк шотыңызға кіре алатын болғандықтан қаражатыңызды басқа қауіпсіз шотқа, жақын туыстарыңызға аудара аласыз, — деді ол Астана қалалық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.
Оның айтуынша, қаражатыңызды алаяқтардың банк шотына аударып қойған жағдайда қылмыстық іс қозғату үшін полицияға жүгіну қажет. Олар тез арада ақша қаражатының жылыстау жолын анықтап, ел аумағынан шығуына тосқауыл қоюға тырысады.
— Ақша қаражаттары көп жағдайда криптоәминға немесе шетелге шығарылады. Егер алаяқтар аталған алаяқтықты жасап үлгерсе, онда үлкн қиындықтар туындайды, — деді Талант Қалиев.
Бұған дейін интернет алаяқтардан қалай қорғануға болатынын жазған едік.