«Бүгін Шу ІІББ ардагерлері төрағасыКантемір Тұрдалиев ресейлік турист Дмитрий Ребровқа 20 мың сом табыс етті. Қаражатты ардагерлердің өзі жинаған», - деді Н.Тоқтосунов.
Шу облысы ІІББ басшысы Қапар Батырқанов Ыстықкөлге барар жолда орын алған оқиға үшін ресейлік туристерден кешірім сұрады.
«Келеңсіз жайт 4 шілде күні болған. Ребровтар отбасы мүгедек баласын емдеу үшін Ыстықкөлге келе жатқан. Шу облысы ІІББ тергеу басқармасы тонау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады», деді Қырғыстан ІІМ.
Шығын көлемі 100 еуро, 20 мың рубль және 45 мың сомды құраған.
Оқиғаға байланысты 8 шілде күні екі күдікті қолға түсті. Алдын ала мәліметтер бойынша, ұсталғандар құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері болған.