Алаяқтық туралы бап бойынша қылмыстық іс қозғалды ? Алматы қаласы бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті
18:06, 14 Мамыр 2009
АЛМАТЫ. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат – Алматы қаласы бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті бірнеше қылмыстық іс қозғады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомстваның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Мысалы, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінің директорына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 177-бабының 3-бөлімінің «б» тармағы (алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы азамат алдау және басқа ЖШС директорының сенімін теріс пайдалану арқылы ағаш шпалдарды жеткізіп берем, деген желеумен оның 91 млн. теңге қаражатын қағып алған.
Сонымен қатар, Алматы қаласы бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті 13 азаматты алдау және сенімін теріс пайдалану арқылы бір азаматшаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Алаяқ әйел ашық ауыз азаматтарға несие алуға көмектесем деп уәде беріп, олардың 23,7 млн. теңге сомасын жымқырған.