Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
Р.Найзабай Қазақстан Бас прокуратурасы мен ІІМ Интерпол күштері және БАӘ-дегі Қазақстан Бас консулдығының әрекеттесуімен елге жеткізілді.
Ол өткен жылғы жазда 7 автокөлік иесін алдап, көліктерін заңсыз иеленген. Кейіннен автокөліктерді жалған құжатпен сатып жіберген.
Келтірілген шығынның жалпы соммасы 30 млн. теңгені құрады.
Қылмыс жасағаннан кейін қылмыстық қудалау органынан жасырынуына байланысты күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды.
Қазіргі уақытта Р.Найзабай Астана қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды.