Алаяқтық жолмен 1,5 млн теңге алған офицер ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысында Экономикалық тергеу қызметінің офицері алаяқтық жасағаны үшін ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«24 тамызда Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлық қызметімен Алматы облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметінің жедел-іздестіру қызметі басқармасының аға офицері алаяқтықтық бойынша әшкереленді. Офицер делдал арқылы ЖШС бас бухгалтерінен оның өндірісінде болмаған бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі қысқарту сылтауымен 1,5 млн теңге сомасындағы ақша қаражатын алдау және сенімді кері пайдалану арқылы алғандығы үшін күдіктелуде», - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы таратқан хабарламада.

Күдікті өз кінәсін толық мойындауына байланысты қамауға алынбаған.