Албания тәжірибесі: Қазақстан жасанды интеллектіге министрдің қызметін сеніп тапсыра ала ма

Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мұсалиев Қазақстан жасанды интеллектіге министр қызметін неге сеніп тапсыра алмайтынын түсіндірді. 

— Үкіметіне жасанды интеллектіні белсенді кіріктіріп жатқан Албанияның тәжірибесін зерттейсіздер ме? Мысалы, оларда алғашқы виртуалды министр бар. Қазақстанда ондай жоспар барма, — деп сұрады журналист Үкімет отырысынан кейін өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.

Вице-министр ол үшін заңнаманы реттеу керек екенін айтты.

— Біз министрлі тарапынан сіз атаған елдің ғана емес, басқа елдердің тәжірибесін де зерттейміз. Жалпы Жасанды интеллект министрлігі әлемде ең алғашқылардың бірі болып біздің елде құрылды. Ал жасанды интеллектіні министр немесе вице-министр ету мәселесіне келсек, біздің заңнама әзірге ондайға рұқсат бермейді. Өйткені заң бойынша бізде мемлекеттік қызметші жеке тұлға болуы керек. Сондықтан сіз сұрағандай жоспарымыз жоқ, — деді вице-министр.

Айта кету керек, Үкіметтің бүгінгі отырысында жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі шаралары пысықталып жатыр